Қыстан қысылмайды

Асхат Райқұл

Асхат Райқұл

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты электрмен жабдықтау дистанциясында қыс маусымына әзірлік шаралары тыңғылықты атқарылуда. 

Вагон-зертханалармен 746 км токқабылдағышы жоғары байланыс желісінің параметрлері тексерілген. 

Енді түйіспелі сымдарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Өзге де қондырғылардың қысқы маусымға іс-әрекеттерін дайындау шаралары өз деңгейінде атқарылуда. Қазандықтар ахуалы жақсы деуге келеді. Биыл ешқандай жөндеу жұмыстары жасалмаса да қазандықтың асай-мүсейлері түгенделіп, жұмыс істеу режимі пысықталған. Автокөліктер әзірлігіне де сын жоқ, 18 техниканың 16-сы жұмысқа жегілуге дайын, қалғаны жөнделу үстінде екен. Ал 30 мың литрге жуық қажетті жанар-жағармайдың жартысына жуығы жеткізілгенімен, 138 тонна түсірілуі тиіс тұрмыстық көмірдің бірде-бір түйірі әкелінбепті. 

Дистанция басшысы Марат Ақшолақовтың айтуынша, биыл жұмысқа кірген 4 жас маман қыс маусымында жұмыс істеуге арнайы оқытылып, білікті мамандарға бекітіліп берілген. Теміржолшылардың арнайы киімі жеткізілген, 95 жылы күртеше, 111 тоқымалы баскиім алынған. 23 қайыс бәтеңке, 23 қолғап, 30 шақты жылы етік те бүгінде қоймаға түскен. «Қысқасы, қыстан қысылмаудың барлық қамы жасалып жатыр» дейді мекеме басшысы. 

подписка на казахском