Сандық қосымша - тиімді де үнемді

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШСның ел аймақтарындағы жол бөлімшелері филиалдарының 41 мыңға жуық қызметкері өндірістік жарақаттанудың алдын алу үшін «Өндірістік қауіпсіздік» мобильді қосымшасын пайдалануда. 

Теміржолшылар телефондарына «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да әзірленген қосымшаны жүктеп алып, еңбекті қорғау талаптарының бұзылғаны, қауіпті әрекеттер мен жағдайлар туралы, қауіпсіз емес жұмысты тоқтату қажеттілігі туралы хабарлап, өз хабарламасын бейне-фотоматериалдармен толықтыруда. Жыл басынан бері жол бөлімшелерінің қызметкерлерінен 2 мыңнан астам хабарлама тіркелген. Оларға басшылық тарапынан жедел назар аударылып, және кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылданып келеді. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша 28 қауіпсіз емес жұмыстың тоқтатылғаны тіркеліп, қызметкердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін 1236 қауіпті іс-әрекет пен қауіпті жағдайлардың алды алынды. Near-miss аясында 117 хабарлама келіп түскен, яғни бұл дегеніміз салдары жоқ оқиғалар, ол қызметкерлер үшін ықтимал қауіпті жағдайларды бақылауға және жоюға мүмкіндік береді. 

Атап өтерлігі, мобильді қосымшаның функционалдығы үнемі жетілдіріліп отырады. 

Қыркүйектен бастап оқиғалар туралы хабарлайтын ақпараттық бюллетеньдер мен жеделхаттар іске қосылған болатын. Олардың басты міндеті – қызметкерлерге хабарлау және ұқсас оқиғалардың алдын алу, яғни басқалардың қателіктерінен сабақ алып, ой түю. 

Ақпараттық хабарламаларды негізге ала отырып, бөлімше басшылары ұжымдарда қауіпсіздік минуттарын және нұсқамалар өткізеді. 

– Айта кету керек, бағдарлама ашық жұмыс істейді, яғни адамның немесе компанияның араласуын толығымен жояды, хабарламалар телефонға бірден келеді, бұл ең құнды корпоративтік ресурс болып табылатын уақытты үнемдейді. Мұның бәрі өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алып қана қоймайды, сондай-ақ, тәуекелдер туралы хабардар болуға да ықпал етеді, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Асхат Сариев. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында өндірістік қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделіне көшті. 

Ал «Мінез-құлық қауіпсіздігі диалогы» мобильді қосымшасы қауіпсіздікті бақылаудың қолданыстағы түрлеріне қосымша болып табылады.