Теміржолшы - даланы бағындырушы

  Латвия, Ресей, Италия, Швеция, Беларуссия және Қазақстанның көптеген қалаларынан 600 жүгірушілер мен кәсіби спортшылардың басын қосқан «Nur-Sultan Park Challenge 2020» халықаралық онлайн-жарысының ұйымдастырушыларынан Атырау маршруттық қашықтық нұсқаушысы Жалғас Мугамилинге жеке сыйлық табысталды.

Жарысты ұйымдастырушылар «Magic park Astana» елордалық саябағының басқарушы компаниясы, ҚР Жеңіл атлетика федерациясы және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі болды. Жарыс Нұр-Сұлтандағы орталық саябақта өтті, бірақ оған әлемнің әр түрлі елдерінің спортшылары арнайы қосымша арқылы қатыса алады.

Кәсіби спортшы, жеңіл атлетикадан Ресей ұлттық құрамасының мүшесі Алла Сидорова жеңімпаз атанды. Екінші жүлдені қашықтыққа жүгіруге мамандандырылған Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының спортшысы Татьяна Нерознак алды.

Теміржолшы, «Нұр-Сұлтан парк Challenge 2020» қатысушысы өзінің Исатай станциясында иен далада 5 км жүгірді.  

- Қатысқаным үшін мені барлығы да қолдағаны және мадақтағаны өте қуанышты! Мен Исатай станциясында тұрып жатқаныма және жұмыс істегеніме 6 жыл болды. Бұрын мен Көкшетау қаласында «ҚТЖ» ҰК »АҚ спортттық жарыстарына қатыстым. Сонда мен жүгіру бойынша 2 орын иемдендім. Біздің ауыл балаларының сүйікті ойыны алыс қашықтыққа жүгіру еді. Міне мен бала кезімнен жүгіруді ұнататынмын. Әріптестерімнен осы жарыстар туралы білген кезде, бірден қатысқым келді. Үлкен шараның бір бөлшегі болсам ғой дейтінмін, солай болып та шықты, - дейді Жалғас Мұғамилин. 

Жалғас осындай ауқымды спорттық жүгіруде өз күшін сынп көргенін мақтан тұтады. Өйткені барлық қатысушы 600 астам адам - ​​спортшы әлемнің түкпір түкпірінен.  

Сонымен, жарыс Нұр-Сұлтанның Орталық паркінде ұйымдастырылды, бірақ оған арнайы қосымша арқылы әлемнің әр елінің спортшылары қатыса алды. Жеңімпаз болып Ресей Федерациясы жеңіл атлетика құрамасының мүшесі, кәсіби спортшы Алла Сидорова жеңімпаз атанды. Екінші сыйлы орынды ҚР ұлттық құрама спортшысы, алыс қашықтыққа жүгіруге дағдыланып жүрген Татьяна Нерознак иеленді. Жалпы есепте үшінші орын - кәсіби спортшы, Латвия жеңіл атлетика бойынша құрама мүшесі Дмитрий Серегинде. Және де ұйымдастырушылар Жалғас Мұғамилинді жеке атап өтті. Бұл ретте, барлық сыйлы орын иемденгендер, өз сыйлықтарын қайырымдылық мақсаттарына өткізіп берді.  

Шараны Magic park Astana елордалық паркін басқарушы компания, Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерации және Нұр-Сұлтан әкімдігі ұйымдастырушылар болып табылды. Шара ұйымдастырушылары Қазақстан теміржолшыларының әр түрлі спорттық шараларға әрқашанда белсенді қатысатындығын, және де жақсы нәтижелер көрсететіндігін атап көрсетті.  

Жүгірудің тағы бір қатысушысы электромеханик Қонай Қалпақбаев Ақтөбеден (ШЧ-5 НЖС-11). Қазіргі 28 жасының 9 жылында ол магистралда еңбек етуде, және де үнемі физикалық дене бітімін сақтап келеді.  

- Бұрын мен Ақтөбе қаласындағы жүгірулерге қатысқанмын. Кәсіби жүгірушілер арасында мен 10 орын иелендім. Мен тек кәсіпқой екенімді қаперге алса, бұны жақсы нәтиже деп ойлаймын. «Нұр-Сұлтан парк Challenge 2020» онлайн жүгіру - бұл менің алғашқы халықаралық тәжірибем, және де мен 10 орын иемдендім. Жүгіруге әлемнің әр түрлі елінен кәсіби спортшылардың қатысқандығын қаперге алсақ, бұл үлкен баға дегім келеді. Онлайн-жүгірудің өзіндік плюстары бар. Соның ішінде - әуесқойлардың спортшылармен жарысуға мүмкіндігі. Жүгіру өте ұнады! Осындай шаралар жиі өткізіліп тұрса екен, онлайн немесе оффлайн маңызды емес, - деп ойымен бөлісті Қонай Қалпақбаев.