Болашақ станциясы күзгі байқау аясында қысқа дайындық бастады

Шахида Жуманова

Шахида Жуманова

Түркіменстанмен шектесетін Болашақ станциясы күзгі байқау аясында қысқа дайындықтарын пысықтауда. 

Бүгінгі таңда станцияның әкімшілік ғимараты шатырының 30 шаршы метрдей аумағы қайта қалпына келтірілген. Өткен жылы су өтіп, қызметкерлерді әбігерге салған болатын. Айналасын тазалау, ақтау, сырлау сияқты эстетикалық және косметкалық жөндеу, табантежегіш башмактарды өз ережесіне сай бояу, жаңарту жұмыстары қоса қабат жүргізілуде. 

Сондай-ақ, 68 метр жылу құбыры ауыстырылған. Жалпы жоспар 217 метр. Қалған бөлігіндегі құрылыс әлі де жалғасуда. Қысқа дейін оны толық аяқтау көзделіп отыр.