Отандастардың үйлеріне оралуына көмек көрсетті

370 астам қазақстандық коронавирус пандемиясына байланысты карантин кезінде Ресейдегі «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Өкілдігінен (Мәскеу қаласында орналасқан) отанына оралу кеңес берді.  

Негізінен көмекке өз беттерінше үйлеріне қайта алмаған ЖОО студенттері жүгінді.  

- Біз оларды Ресей мен Қазақстан шекарасын кесіп өту маршруттары туралы, үйлеріне оралудың баламалары бойынша кеңестер бердік. «РЖД» АҚ мен Ресейдегі ҚР Елшілігі көмегімен ресейлік шекаралық станцияларға дейін билеттер сатып алынды. Пойыздар тоқтатылған жағдайларда біздің азаматтарды автобустармен жөнелтіп жатты, - деді Мәскеу өкілдігінің басштабысы Владимир Захаров.  

Қазіргі кезде қазақстандықтардың үйлеріне оралуына қатысты проблема жоқ. Отанына оралуға ниет білдірген азаматтар үшін Мәскеуден Алматы мен Нұр-Сұлтанға репатриациялық рейстерге тұрақты ұшулар ұйымдастырылған.