Ақтау порты арқылы Қытайға полипропилен жөнелтілуді ұйымдастырды

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

«ҚТЖ» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы «KTZ Express» алғаш рет Ақтау порты арқылы Қытайдың Циндао елдімекеніне полипропилен жөнелтілуді ұйымдастырды.

Алдымен полипропилен тиелген 48 қырықфуттық контейнер Түркіменбасшы портынан теңіз арқылы Ақтау портына 24 сағат ішінде жеткізілді. Ары қарай жүк теміржол көлігі арқылы қазақстандық шекаралық станция Алтынкөлге жеткізіліп, Қорғас өткелі арқылы Қытай асты.

Алғаш рет пилоттық жоба ретінде қолға алынып отырған аталған жүк жөнелтілімінің оң нәтижесі теңіз көлігі арқылы полипропиленді жеткізу бойынша тұрақты сервистің негізін қалауы мүмкін. Жүк жөнелтуге қатысқандар бағдар уақыт бойынша оңтайлы әрі Қытайға полипропиленді экспорттау үшін экономикалық тұрғыдан тиімді екенін айтады. 7500 шақырымдық бағдарды пойыз 10 күн ішінде жүріп өтпек. Жоба өте тиімді логистикалық шешім деп бағалануда.

Сондай-ақ, бұл жоба Қазақстан және Түркіменстан порттары арқылы жүк ағынының көлемін өсіруге серпін береді деген сенім бар.