Өндірістік жарақатқа жол жоқ

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Жыл басынан бері Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі бойынша пойыздар қозғалысы оң көрсеткішке ие. Алғашқы жартыжылдықта жолаушылар пойызының қозғалысы 84,1%, ал жүк пойыздары қозғалысы 88,7% құрап, өткен жылға қарағанда сәйкесінше 0,4% және 2,5 % жақсарған. 

Мамандар жоспарды бұдан да жоғары көрсеткішке жеткізуге болар еді дейді. Бұған Өзбекстан темір жолының пойыздарды қабылдауының төмендігі себеп болған. Екінші себеп, Түлкібас-Шымкент, ТүркістанАрыс учаскелерінде толаскез болып, жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен жоспар ойдағыдай болмай қалған. 

Алайда соған қарамастан теміржолшылар жоспарды межеге жеткізе орындаған. 

Пойыздар қозғалысының варианттық кестеге сай жүруі жоспар бойынша 18 225 пойыз болса, нақтысы 13 003 пойыз жөнелтілген. Осылайша, Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі филиалы өткен жылы варианттық кесте бойынша жүктерді бақылау үлесін 70% дейін көтереміз деп алға қойған межесін биыл орындап шықты. 

Жүк тиеу жоспар бойынша жартыжылдықта 4 млн 967 мың тонна болса, орындалғаны 4 млн 997 мың 479 тонна, яғни 100,6% құрады. Тиелген вагондардың статикалық жүктемесіне келсек, жоспарда 58,88 тонна болса, орындалғаны 59,26 тонна, яғни 100,6 % жетті. 

Ал қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайына тоқталсақ, 2020 жылдың алты айында 6 қауіпсіздікті бұзушылық жағдайы орын алған. Бір қуанарлығы, ешқандай да өндірістік жарақат алу оқиғасы тіркелмеген.