«Адал қызмет» онлайн жобасын іске қосып отыр

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының қызметін жақсарту мақсатында үздік идеялар мен ұсыныстарға арналған «Адал қызмет» атауындағы онлайн жобасын іске қосып отыр. 

Жоба авторларының айтуынша, бұл жолаушы халықпен кері байланысты жолға қойып, сервистік қызметтің дамуына оң ықпал етеді. Жобаға кез келген азамат қатыса алады және өз ұсыныстарын үстіміздегі айдың 30-на дейін passtnger@railways.kz электрондық поштасына жолдай алады. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ұлттық тасымалдаушы компанияның басшылығы ең үздік идеялардың авторларымен кездесіп, олардың ұсыныстарын талқылауға дайын екендерін жеткізді.