Оң нәтіжелерге қол жеткізген

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінде жыл басынан бері пайдалану санды-сапалы көрсеткіштерін көтеру, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шығындар бюджетін орындау, тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасын және еңбек қорғау шарттары мен тәртібін сақтау бойынша оң нәтижелерге қол жеткізді. 

Жүк айналымы жоспар бойынша 4 млрд 361 ткм нетто болса, іс жүзінде 4 млрд 726,6 млн ткм неттоны құрап, 108,5%-ға орындалды. Жүк вагонының орта тәуліктегі өнімділігі жоспар бойынша 5973 ткм нетто болса, орындалғаны 6087 ткм нетто немесе 101,9 %. 

Тиелген вагонның орташа динамикалық жүктемесі жоспар бойынша 51,08 тонна болса, іс жүзінде 51,75 тонна немесе 101,3 %-ға орындалды. 

Бос вагондардың тиелген вагондарға қатынасы 101,3% құраған. Жоспардағы 76,94% орнына 75,92% артығымен орындалды. 

Жүк вагонының орта тәуліктік жүрісі жоспар бойынша 207 км, іс жүзінде 207 км, яғни 100% орындалды.

Жүк вагонының айналымы жоспарда 1,89 тәулік болса, іс жүзінде 1,89 тәулік немесе 99,5 % орындалды. Өткен жылы жүк вагонының айналымы 93,7 % болған. Оған себеп, жұмыс паркі 257 вагонға көбейген, яғни жоспарда 4012 вагон деп көрсетілгенімен, 4269 вагонға артқан. 

Бір жүк операциясында вагонның бос тұруы жоспарда 16,93 сағат болса, биыл жартыжылдықта 16,69 сағатқа жетіп, 101,4% орындалды. 

Бірінші техникалық станцияда транзиттік вагонның бос тұруы жоспар бойынша 7,70 сағат болса, іс жүзінде 7,78 сағатты құрап, 98,7 % орындалды. Бұған Өзбекстан темір жолы тарапынан пойыздарды уақытылы алып кетпеу салдарынан 2311 пойыздың 16025 сағатқа кешігуі себеп болған. 

Учаскелік орташа жылдамдыққа келсек, биыл алты айда 102,8 % орындалған. Жоспар бойынша 42,33 км/ сағ, орындалғаны 43,52 км/сағ құрады. Техникалық жылдамдық жоспарда 46,95 км/сағ болса, орындалғаны 47,47 км/сағ немесе 101,1% құрады.