Есептік-сайлау съезі өтеді

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

Ертең, 9 қыркүйек күні «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ-нің Х есептік-сайлау съезі өтеді. 

Онлайн форматында өтетін бейнеконференцияға Кәсіподақ Орталық кеңесі, филиалдары, жергілікті кәсіподақтар, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының делегаттары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ студиялары арқылы қатысады деп күтілуде. Маңызды жиынға сонымен қатар жұмыс беруші тарап атынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының HR және корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Серік Әбденов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин қатыспақ. Х съездің күн тәртібінде Кәсіподақ Орталық кеңесінің 2015-2020 жылдардағы жұмысы және алдағы кезеңге қойылып отырған міндеттері туралы есебі, Кәсіподақтың Бақылаутексеру комиссиясының 2015-2020 жылдар кезеңіндегі есебі съезд делегаттары назарына ұсынылып, сондай-ақ, Кәсіподақ төрағасын сайлау туралы, Кәсіподақ Орталық кеңесінің және Бақылау-тексеру комиссиясының құрамдарын бекіту туралы мәселелер қарастырылатын болады.