Түлкібас жол дистанциясының бастығы Уалихан Сергенов өмірден озды

2020 жылғы 1 тамызда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Түлкібас жол дистанциясының бастығы Уалихан Өнгенбайұлы Сергеновтің қазасына қырық күн толуына байланысты асыл азаматты қимастықпен еске аламыз.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Жол және құрылыстар департаментінің басшылығы мен ұжымы Уалихан Өнгенбайұлының отбасы мен туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Саналы ғұмырын теміржолдың дамуына арнаған нағыз теміржолшы маман, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіре білген кішіпейіл де көркем мінезді азаматтың еңбегі ел есінде.

«Өмірден озып кетті атпалды ерім, беделді едің, ортаңа мақтаулы едің. Артта қалған отбасың аман болып, жайлы болсын мәңгілік жатқан жерің!» деп еске алады әріптестері...