Контейнер жөндеу құқығына ие

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

Контейнерлік жүк тасымалдары жүкті жеткізудің неғұрлым ыңғайлы және экономикалық тиімді тәсілдерінің қатарына жатады. Алайда, контейнердің орташа қызмет ету мерзімі тек 15 жылды құрайды. Контейнерлерді уақтылы жөндеу және жаңғырту кезінде пайдалану кезеңін едәуір ұзартуға болады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «KTZ Express» АҚ контейнерлерді жөндеу қызметін жүзеге асырады. Осы ретте, «KTZ Ехргеѕѕ» «Контейнерлерді жөндеу бойынша мойындалған кәсіпорын ретінде куәлікке» ие Қазақстандағы жалғыз компания екенін атап өтер едік. Компания клиенттерге контейнерлердің қызмет ету мерзімін ұлғайту үшін сервистердің толық спектрін ұсынады, атап айтсақ, қаптаманың зақымдалуын жою, косметикалық ақауларды жою, геометрияны қалпына келтіру, есіктердің және бекіту элементтерінің жұмыс жағдайын қалпына келтіру, тозу дәрежесі жоғары кез келген бөлшектерді ауыстыру, коррозияға қарсы құрамдармен өңдеу және жүк модулін бояу, бекіту құрылғыларын жөндеу немесе толық ауыстыру және логотип басылған тапсырыс берушінің фирмалық түстеріне бояу.

Жөндеу жұмыстары Түркістан, Төретам, Алматы, Ақсу-1 аймақтарында, тікелей контейнерлік шеберханаларда жүргізіледі. Жауапқа жұмысқа тәжірибелі өз ісінің шебер мамандары жұмылдырылған. Жоғары білімі мен біліктілігі ұштасқан мамандар клиентке контейнерді жөндеудің оңтайлы нұсқасын таңдауға көмектесумен қатар бүкіл процесс барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жүргізілген жөндеу процестері бойынша барлық қажетті құжаттама мен есептілікті ұсынады.

Сөз реті келгенде айтпағымыз, отандық компаниялар өз контейнерлерін жөндеуге әлемдік логистикалық нарықтың ірі ойыншылары – Woojin, Unico Logistics, Pantos, Rhenus, Intermodal Systems, Seo Joong, Т-СЕРВИС ЛОГИСТИКС, TGL Kazakhstan сияқты компанияларға сенім білдіріп отыр.