«Қарасора-2020» шарасы өтуде

Нұр-Сұлтан станциясындағы Желілік полиция басқармасының қызмет көрсететін аумағында «Қарасора-2020» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр.

1 шілдеден басталған «Қарасора-2020» жедел-алдын алу шарасының мақсаты есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы деректерін анықтап, республиканың оңтүстік өңірлерінде өсетін жабайы сораны заңсыз жеткізу арналарын жабу болып табылады. Жаз және күзгі кезеңдер есірткі заттары бар өсімдіктердің, атап айтқанда, «тетрогидроканнабинол», яғни марихуана, гашиш жасайтын қарасора пісіп жетілетін мезгіл болып саналады.

«Жабайы сораны және басқа да психотроптық, есірткі заттарының келу арналарын жабу үшін Есір ткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері тұрақты түрде Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалдарына оңтүстік өңірлерден келетін жолаушылар пойыздарын, теміржол вокзалдарын, тұйықтар мен вокзал маңайларын тексеріп, бақылауда ұстайды», – деп атап өтті басқарма бастығының орынбасары полиция подполковнигі Б. Ғ. Өтеғалиев.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында күн сайын күдікті тудырған адамдарды тексеру, олармен жұмыс істеу және халыққа есірткінің зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, шараның бірінші күнінен бастап қала жолаушылары мен қонақтарына есірткінің зияны туралы жадынамалар, буклеттер таратты. Республикалық «Қарасора-2020» жедел-алдын алу шарасы 30 қазанға дейін жүргізіледі.