Байланыс - қозғалыс кепілі

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Теміржолда байланыс пен белгі беру қызметі істен шықса, қозғалысқа қауіп төнетіні белгілі. Сондықтан байланыс дистанциясына қарасты цехтарда электромонтерлар қажетті құрылғыларды жөндеуден өткізіп, ескісін жаңалап, жамапжасқап, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Айталық, Шымкент белгі беру-байланыс дистанциясы жыл басынан бері Шанақ, Монтайтас, Дарбаза, Шеңгелді, Жылға станцияларында байланыс және кабель жүйелерін жаңарту, жөндеу, мерзімі өткен сымдарды ауыстыру жұмыстарын жүргізіп, құрылғыларды біршама сауықтырды.

Жерді қазатын машинасы бар аралас қызмет көрсетушілерге қазба жұмыстарын жүргізген кезде олардың басы-қасында міндетті түрде ШЧ-38 жұмысшылары болуы тиіс. Өйткені, олар қазу жұмыстары кезінде СОБ, байланыс сымдарының бүтіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен қатар, байланыс дистанцияларына қатысты барлық жұмысшылар теміржол маңайына жақын жерден заңсыз қазу жұмыстары жүргізіліп жатқанын байқаған сәттен әлгі жұмысты тез арада тоқтатудың шараларын қарастыруы қажет.

Осыған орай байланыс учаскесінің бастығы Б.Абдрахман теміржолда мердігер ұйымдардың күрделі жөндеу мен құрылыс жұмыстары жүргізілетін технологиялық толаскез барысында СОБ кабельдері мен байланыстың бүлінбей сақталуын бақылауды күшейту жұмыстарын тапсырды.

Яғни аталған жөндеу жұмыстарының басы-қасында ШЧ38 атынан бір өкіл болуы тиіс. Кем дегенде аға электромеханик бақылап жүруі керек. Байланыс учаскесінің басшысы арнайы схема әзірлейді.

Сол схема бойынша құрылыс ұйымдары мен траншея қазу жұмыстары СОБ кабеліне, байланысқа, КТСМ-ға зиян келмейтіндей етіп жүргізуі тиіс.

Әсіресе кабель тобының жұмысшылары тексеретін «METROTECH» 9890ХТ, ГК-210А-2 және ГК-230А аспаптарының тексеруінсіз құрылыс жұмыстарын бастауға болмайды.

Нормадан ауытқыған жағдайда көрсетілген ескертулерді тез арада ретке келтіруі тиіс.

Сондай-ақ мекеменің қолды болған мүліктері мен кабельдеріне зиян келтірген жағдайларға тергеу жүргізіліп, келтірілген шығынды өтеу талабымен жергілікті құқыққорғау органдары мен әкімдіктерге хат жолданған.

Мекеме үшін жаздың әр күні қымбат. Алдағы уақытта кезекте Шеңгелді станциясында ДНЦ байланысы үшін ДСП резервті телефонын орнату, 10х2 үлгідегі қоңырауды жеткізетін кабель орнату, ШРВ бағанына баратын ВКО бағанын қайта жөндеуден өткізу тұр.