Карантин тағы 14 күнге ұзартылды

Елімізді жайлап бара жатқан коронавирус індетінің өршу қаупіне орай карантин тағы 14 күнге ұзартылды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Атырау телімі басшысы Ә.Есқалиевтің айтуынша, осыған орай, Атырау вокзалынан Маңғыстауға шығатын пойызға, Маңғыстау облысынан МаңғыстауАқтөбе және Маңғыстау-Нұр-Сұлтан бағытындағы жолаушылар пойызына Құлсары теміржол вокзалынан жолаушылар дәрігерлікконсультативтік комиссияның қорытындысы немесе медициналықемдеу орталықтарының шақырту қағазымен ғана отырғызылып, түсіріледі.

Бұл тәртіп Құлсарыдан Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Маңғыстау бағытына жүретін жолаушылар үшін де қолданылады. Сол секілді 8 шілдеден бастап Атырау-Нұр-Сұлтан пойызы да жүруін тоқтатты.

Соған сәйкес, жолаушылар 15 шілдеге дейін алынған жол жүру билеттерін қайта тапсыруына тура келеді, билет құны толық қайтарылады.

Осыдан тоғыз жыл бұрын Атырауды Елордамен байланыстыратын «Каспий» пойызы ашылған. Бұрынғы пойыздар екі аралықта 42 сағат жүрген болса, жаңа пойыз 32 сағатта жүріп өтеді.

Бүгінде «фирмалық пойыз» статусын алған пойыздың өндірісті, индустриялық мұнайлы аймақ үшін маңызы ерекше.

Сондықтан, атыраулықтар жоғарыда айтылған Тальго пойызы тоқтаса да күнара жүретін «Каспийдің» тоқтамауына мүдделі.