30 адам сыйақы алды

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы С.Мыңбаев өткен жылы ресми бастама берген «Қауіпсіздіктің жүріс-тұрыс диалогтары», «Қауіп-қатерді тоқтат», «Салдарсыз оқиғалар» бағдарламалары аясында әрбір қызметкер, оның өмірі мен денсаулығына қауіпқатер төндіретін жұмысты тоқтатуды дағдыға айналдыруда. 

Қауіпсіздіктің жүріс-тұрыс диалогын енгізу қызметкердің еңбек қорғау және қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты қарымқатынасын арттырып, әрбір адамның өзінің жеке және әріптестерінің денсаулығы мен өмірін сақтай отырып, «Нөлдік жарақаттануға» қол жеткізуге жауапкершілікті сезінуге оң ықпалын тигізетін болады. Қазіргі кезде Компания бойынша «Қауіпсіздіктің жүріс-тұрыс диалогы» (ҚЖД-ПДБ) бағдарламасы бойынша оқыту жүргізіліп жатыр.

Бұл курстың мақсаты – Қауіпсіздіктің жүріс-тұрыс диалогы бағдарламасы механизмдерін іске қосу және жаңа перспективаларын табу, сондай-ақ, таратуға лайық идеяларды, жаңа мәдениетті құру. Компанияның кез келген қызметкерімен ҚЖД құралын пайдалану, жұмыс орнында жағымсыз жайттарға әкелуі ықтимал қауіптер мен қатерлердің алдын алуға ықпал етері анық. Ол үшін Компанияның барлық қызметкерлерін материалдық жиынтығы бар әртүрлі ынталандыру тәсілдерінің көмегімен тарту керек. Осы мақсатта Компанияда сыйақы беру мәселесі қарастырылған.

Сыйақыландыру бағдарламасы шеңберінде әрбір қызметкердің сыйақы номинанты болуға мүмкіндігі бар. Ол үшін қызметкер өз қызметі барысында жарақаттанудың алдын алудың оңтайлы тәсілін белсенді пайдалану арқылы қауіпсіз еңбек жағдайын құруы, қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қызметкерлерге сіңдіруі, қауіпсіз жүріс-тұрысқа дағдыландыруы қажет.

Өндірістік қауіпсіздік саласындағы процестерді автоматтандыру және цифрландыру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарды ескере отырып, «Өндірістік қауіпсіздік» автоматтандырылған жүйесі әзірленді. Оның шеңберінде жұмыс орындарында ҚЖД жүргізу шапшаңдығын қамтамасыз ететін «Қауіпсіздіктің жүріс-тұрыс диалогы» модулі іске қосылды. Наурыз айында ҚЖД модулінің енгізілуіне аңдатпа жасалған болатын, қазір қызметкерлер аталған модульді сәтті пайдалануда. Айталық, сәуір айында Магистральдық желі дирекциясы бойынша 657 ҚЖД өткізіліп, олар мобильді қосымшада тіркелді. Үстіміздегі жылдың 5 маусымында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директоры – Бас инженері Батыр Котырев төрағалық еткен, жазатайым оқиғаларды ескертуде оңтайлы тәсілдерді қолданған, Компания қызметкерлерін ынталандыру бойынша отырыста сәуір айының қорытындысы бойынша ҚЖД өткізу барысында оңтайлы құралдарды белсенді пайдаланған Компанияның 36 қызметкерін сыйақыландыру бойынша шешім қабылданды.

Солардың қатарында, Магистральдық желі дирекциясының 30 қызметкері сыйақымен марапатталуға лайық деп танылды. Таратып айтсақ, 11 адам Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінен болса, 9 теміржолшы Семей НЖС-тан, 4 адам Ақмола НЖС-тан, Жамбыл НЖС-тан 3 қызметкер, ал Қостанай, Алматы, Ақтөбе магистральдық желі бөлімшелерінен бір-бір адамнан шығып отыр. 130 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде сыйақы алғандар қатарында Жамбыл ШЧ-36 жетекші инженері Әсет Асранқұлов, Семей ПЧ-39 жетекші инженері Гүлзавира Елемесова және ПЧМ-Ағадыр жетекші инженері Әсем Сағымбаева бар. Жаңасемей ПЧ-40 жетекші инженері Саят Мұсағазинов пен Алматы НЖС қарасты Қопа станциясындағы ШЧ-33 СОБ электромеханигі Тәңірберген Оспанов 20 АЕК көлеміндегі сыйақымен марапатталды. Сондайақ, 15 қызметкерге – 4 АЕК және 6 адамға – 2 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы тағайындалды.