Билеттерін кері тапсырады

Косуим Мукашев

Косуим Мукашев

Батыс өңірде, оның ішінде Атырау аймағында да коронавирус індеті өршіп тұр. Соның ішінде қауіп әсіресе өңірдің Жылыой ауданында сақталып отыр. 

Жылыой ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес белгіленген карантиндік режим ауданда 2020 жылдың 18 маусымы мен 2 шілде аралығында сақталады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Атырау телімі басшысы Ә.Есқалиевтің айтуынша, осыған орай, Атырау вокзалынан Маңғыстауға шығатын пойызға, Маңғыстау облысынан Маңғыстау-Ақтөбе және Маңғыстау-Нұр-Сұлтан бағытындағы жолаушылар пойызына Құлсары теміржол вокзалынан жолаушыларды түсіру, мінгізу медициналық-емдеу орталықтарының шақырту қағазымен ғана жүзеге асырылады.

Бұл тәртіп Құлсарыдан Алматы, Астана, Ақтөбе, Маңғыстау бағытына жүретін жолаушылар үшін де қолданылады. Соған сәйкес, Құлсары станциясынан мінетін жолаушылар 2 шілдеге дейін алынған жол жүру билеттерін қайта тапсыруына тура келеді.

Билеттер кері тапсырылған жағдайда, билет құны 100 процент кері қайтарылады. Егер пандемия қарқыны бәсеңсімесе, бұл шектеу одан әрі жалғасуы мүмкін.