Электровозды Қазақстаннан Әзербайжанға тасымалдауды ұйымдастырды

«KTZ Express» АҚ-ның «KTZE – Северный» филиалы Alstom Transport SA француз машина жасау компаниясы дайындаған №0012 AZ8A сериялы электровозды Қазақстаннан Әзербайжанға тасымалдауды ұйымдастырды.

Компания «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС-мен жасалған көлік экспедициясы туралы келісімшарт шеңберінде Әзербайжан темір жолдары үшін мемлекетаралық тапсырысты орындап отыр.

Локомотивті жеткізу «Бір терезе» қағидасы бойынша орындалғанын атап өткен жөн.

Бұл ерекше жүк Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Қырқыншы станциясында орналасқан Индустриялдық парктегі зауыттан жөнелтіліп, одан ары қарай мұнайлы өлкедегі Құрық және әзербайжандық Алят порттары арқылы діттеген жері Баладжары станциясына жеткізілді.

Жүктің жеткізілу мерзімі 10 күнді құрады. «KTZE – Северный» филиалы жоспарында орташа мерзіммен айына бір рет Әзербайжанға тағы 28 электровозды жөнелту бар екен.