Talgo технологиясы тоқтатылды

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі «Тұлпар» вагон жасау зауыты» ЖШС-не қатысты бірқатар дәйексіз жарияланымдардың таралуына байланысты, көпшілікке жалған ақпарат беруде пайда болған хабарламаларға түсінік берді. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Deutsche Bahn неміс серіктестерінің қатысуымен 2019 жылы Patentes Talgo S. L. U. испан компаниясымен өзара тиімді келісімдерге қол жеткізілді, осыған сәйкес Talgo технологиясы бойынша жолаушылар вагондары өндірісі тоқтатылды.

Алайда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ осы технология бойынша басталған 62 жолаушы вагондарын құрастыруды аяқтауды, сондай-ақ Patentes Talgo компаниясы техникалық қызмет көрсетумен айналысатын парктегі бар Talgo вагондарын одан әрі пайдалануды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Бұдан басқа, жолаушылар вагон паркін үздіксіз жаңарту мақсатында 2020 жылы вагон жасау зауыты «Трансмашхолдинг Казахстан – КЗ» ЖШС-нің сенімді басқаруына берілді. Қазіргі уақытта зауыт «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на 137 вагон пайдалануға берді.

Deutsche Bahn мамандарымен бірлесіп жасалған жаңа вагондарды сатып алу саясаты қауіпсіздікті, жайлылықты, жылдамдықты және қоршаған ортаны қорғаудың заманауи талаптарын қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар экономикалық мақсатқа және өндірісті жоғары квоталауға бағытталған. Биыл стратегиялық инвесторды/серіктесті тарту үшін конкурс өткізіледі.

Бұған дейін бірнеше рет айтылғандай, бұл байқау аясында «Тұлпар» зауытының базасында жолаушылар вагондарын өндірумен айналысатын жеңімпаз іріктеліп алынады.

Бүгінгі таңда 5 компания осы конкурсқа қатысуға ниет білдірді. Барлық құжаттаманы, сондай-ақ конкурс рәсімдерін Deutsche Bahn мамандары дайындайды және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен келісіліп, бәсекелестіктің жоғары деңгейіне ғана емес, сонымен қатар барлық байланысты процедуралардың ашықтығына кепіл болады.