Тариф жетілдіріле береді

«ҚТЖ» компаниясы қызметіндегі өзекті мәселенің бірі – тарифті реттеуді жетілдіру. Бүгінгі таңда теміржол көлігімен жүк тасымалдау бойынша нарықта екі жекеменшік тасымалдаушы бар, сонымен қатар шамамен 40 лицензия жеке компанияларға берілген.

Ұлттық компания басқарма басшысының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Серік Әбденовтің айтуынша, ел экономикасын әлеуметтік жүктермен қамтамасыз ету мен жолаушылар тасымалын қолдау бойынша негізгі жүктеме «ҚТЖ» компаниясына түсіп отыр.

Биыл 1 қаңтардан бастап жүк тасымалы есебінен жолаушылар тасымалын субсидиялау кестесін айқынырақ жасауға мүмкіндік беретін заң күшіне енді. Алайда, жеке жолаушылар тасымалдаушыларды қоса алғанда жолаушылар тасымалын қолдау «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жауапкершілігіне жатады.

Соған байланысты қайта құрудың келесі қадамы жүк тасымалдаушылар қызметі жағдайын теңдестіруге қатысты болып тұр.

Бұл ретте телім түрі бойынша магистральдық темір жол желілері және тартым түрлеріне қарай локомотив тартымы қызметі тарифтерін дифференциялау енгізілді.

Осы кезеңдегі жұмыстарды жүзеге асыру шеңберінде компания өз алаңында жеке тасымалдаушылар мен ірі жүк жөнелтушілерден тұратын жұмысшы тобын ұйымдастырды.