2 мыңнан астам жұмысшы оқытылды

ҚТЖ компаниясының басым бағыттағы міндеттерінің бірі – сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.

Қоғамда сол үшін корпоративтік қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық қаупінің алдын алу және ескерту механизмдерін енгізуге жауапты құрылымдық бөлімшелер құрылған.

Компанияның барлық қызметкерлеріне ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және комплаенс пен этика саласында оқыту шаралары мен ақпараттық сессиялар өткізіледі.

Бүгінгі таңда 2 мыңнан астам жұмысшы оқытылды.

«Жедел желіні» қосқанда конфиденциалды ақпараттандыру каналдары жұмыс істеуде. Компания сонымен қатар өз тарапынан және басқалар тарапынан да жемқорлықтың белең алуына жол бермейтін әр қызметкеріне қолдау білдіреді.