Достық станциясының қуаттылық күші арттырылуда

Шекарадағы халықаралық өткел - Достық станциясының қуаттылық күші арттырылуда. Еуропа-Азия бағытында жүк өткізілетін станцияны кеңейту және жаңғырту бойынша жоба жүзеге асырылып жатыр.

Жоба аясында ұзынқұрамды пойыздарды өткізу үшін «Т» шекара паркіндегі 4 жүк қабылдап -жөнелту жолын ұзарту бойынша жұмыстар жасалмақ.

Бұл пойыздарды қабылдап-жөнелту жұмыстарына кететін уақытты біршама қысқартады. Қазіргі таңда жер төсемін төсеу жұмыстары жүргізілуде. Телімнің өткізгіштік қабілетін арттыру үшін Достық-19 бекет аралығындағы телімде екінші жол және №19 бекетте қосымша жүк қабылдапжөнелту жолдары салынбақ.

Станцияны кезең-кезеңімен дамыту жоспарына сай «Г» паркінде қосымша төрт жүк қабылдап, жөнелту жолдарын салу қарастырылған, бұл Достық-Ақтоғай телімі бағытында пойыздарды қабылдап-жөнелтуге және жаңа ЭЦ пост құрылысын жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жергілікті тұрғындар мен теміржолшылар үшін станцияның орталық жөнелту және қабылдап алу бағытындағы «В» паркі арқылы жолаушылар көпірін салу көзделуде. Достық станциясының болашақта осылай дамуы жұмыстың қауіпсіздігі мен сенімділігін арттырып, жүк айналымының ұлғаюына септік етеді