Цифрлық трансформация: маңызды стратегиялық міндет

Ұлттық компанияның маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі – цифрлық трансформация. Соның шеңберінде үдерістерді автоматтандыру үшін заманауи инновациялық тетіктер енгізіледі.

Цифрлық трансформация шеңберінде жүзеге асырылған жобалар Компанияның нарықтағы орынын ұстап тұруға және оның табыстылық деңгейін қамтамасыз етуге көмектеседі. Мәселен, АСУ ДКР бойынша республикаішілік қатынаста тасымал құжаттарын рәсімдеудің қағазсыз технологияларының арқасында электронды тасымал құжаттарын орташа тәулікті рәсімдеу пайызы қауіпті жүктерді қоспағандағы тасымал құжаттарының жалпы санынан 94%-дан асты, бұл дегеніңіз 10 мыңнан астам келісімшартты құрайды. Мұның ТМД бойынша баламасы жоқ.

Пойыздар қозғалысын басқару орталығын құру аясында 84 бөлек пункттерге микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандыру жүйесі енгізілді, 57 желілік-аппараттық залдарда байланыс құралдары жаңғыртылды, сонымен қатар жылжымалы құрамды бақылауға, барлық сигнализация және байланыс дистанциялары бойынша техникалық құжаттама жүргізуге автоматтандырылған жүйе енгізілді.

Биылғы жылдың ең маңызды жобасы Ақтөбе қаласында Батыс өңірлері инфрақұрылымы мен пойыздар қозғалысын басқару Орталығын құру болып табылады. Ол Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал және Қызылорда жол бөлімшелерінің диспетчерлік орталықтарын біріктіреді.

Пилотты жобаны жүзеге асыру нәтижесінде барлық өңірлерді қамти отырып пойыздар қозғалысын басқару орталығының 3-5 баламасын құру тиімділігі қарастырылмақ. Жол шаруашылығы саласында да заманауи технологиялар енгізілуде.

Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында былтыр мамыр айында 3 жаңа мобильді диагностикалық кешен іске қосылды. Сол кешендер арқылы 2019 жылы 94 мың км-ден астам жол диагностикалық тексеруден өткізіліп, рельстердің әлеуетті сыну жағдайындағы 355 жері анықталды. Биыл наурыз айында тағы 3 МДК енгізілді.

Барлық осы 6 мобильді диагностикалық кешен нақты бір телімдерге бекітілген және солармен кешенді инфрақұрылымдық диагностика жүргізілуде. 2020 жылдың бірінші тоқсаны бойынша шамамен 41 мың км жол диагностикалық тексеруге алынып, рельстердің әлеуетті сыну жағдайындағы 199 нүктесін анықтау мүмкін болды.