Көктемгі жұмыстар күшінде

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Биылғы көктем теміржолшылар үшін оңайға соққан жоқ. Күннің жылынуымен қат-қабат қолға алынатын қыруар жұмыс елдегі жарияланған төтенше жағдаймен тұспа тұс келді. Соның ең маңыздысы көктемгі жол сауықтыру жұмыстары.

Шымкент магистралдық желі бөлімшесі карантин жағдайында да жол күтіміне байланысты жұмыстарды тоқтатқан жоқ.

Атап айтқанда, жыл басынан бері 1,624 км түйіспелі жолдың рельстері ауыстырылып, оған 10 685 мың теңге жұмсалған.

Оның ішінде ПЧ-53 Шымкент жол дистанциясына тиесілі – 0,418 км, ПЧ-54 Арыс дистанциясы бойынша – 1,20 км жол қамтылған. Шымкент жол дистанциясы бойынша Ынтымақ-Манкент өткеліндегі тақ жолдардағы плеттер ауыстырылды.

Барлығын қосқанда 156 метр жол табаны сауықтырылды Көмекке, әрине ауыр типтегі машиналар келіп, кешенді жұмыстар атқарылды. РМ машинасымен 18,040 шақырым жол тазаланды. Ал Унимат машинасымен 26 бағыттама бұрма тазартылды.

Дуоматпен - 44,150 км, ДГС-43,0 км, ПБР-26,8 км, МКТ40 -10,050 текше метр, ал ПРБ-23,540 км жұмыстар осы аталған машиналармен атқарылды. Арыс жол дистанциясы бойынша атқарылған жұмыстарға келсек, мұнда Ақдала-Арыс-1 өткеліндегі 518 метр тақ жолдардағы плеттер ауыстырылған. Бұдан бөлек, Арыс-1 станциясында ескі көлденең рельстер ауыстырылды. 250 метр жол табанында жатқан ескі Р-50 рельстері алынып тасталып, орнына жаңа Р65 рельстері төселді.

Сондай-ақ, жол дистанциясы бойынша Дезикпен 10 бағыттама бұрма, Униматпен 4,086 км, ПРБ-6,5 км жұмыстар жасалды.

Жалпы, қалыптасқан жағдайға қарамастан жол шаруашылығы өзіне бекітілген жұмыстарды дер кезінде орындап жатыр.