Онлайн форматта өтті

Сабырхан Надирбаев

Сабырхан Надирбаев

Сәуірдің соңында аталып өтетін «Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні» теміржолшылар үшін зор мәнге ие. Өйткені, өндіріс орны үшін қауіпсіздік пен еңбекті қорғау - ең маңызды мәселе.

«ҚТЖ-ЖТ» АҚ Қызылорда филалына қарасты Қазалы пайдалану вагон депосында еңбек ұжымында өндіріс орнында жарақат алған, ауруға шалдыққан, қайтыс болып кеткен теміржолшыларды еске алу мақсатында онлайн форматында жиын өтті.

Ұжымда орын алған жазатайым жағдайлардың қайталанбауын мақсат еткен жиында ең басты байлық - адам және оның денсаулығы екендігі сөз болды. Жұмыс кезінде өндірістік жазатайым жағдаймен адам денсаулығына зақым келтірудің алдын алуды жетілдіру және зиянды өндірістік факторларды барынша азайту жолдары мен тәсілдерін Қазалы пайдалану вагон депосының бастығы Арғын Орымбаев онлайн түрінде депоның жұмысшы-қызметкерлеріне түсіндірді. Ұжымның өндірістік жұмысы барысында ерекше еңбек тәртібімен үлгі болған және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге үлес қосқан теміржолшылар жеткілікті. Солардың ішінен бригадир М.Мұсаев, вагон қараушы-жөндеушісі А.Өтепбергенов, жылжымалы құрам жөндеушісі Ә.Смағұл, ағаш ұстасы Ж.Сайымбетті депо басшылығы мен кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

– Басты байлық денсаулық. Денсаулық күтімі үшін әр қайсымыз салауатты өмір салтын сақтап, оны ұстануымыз қажет. Сонымен қатар өндірістік жұмыс кезінде жұмыс орнының дайындығын тексеру, жұмыс барысында сақтық шараларын қатаң сақтау – алдымен әркімнің өзі үшін маңызды. Аса қауіпті аймақ саналатын теміржол сақтықты және кәсіби біліктілікті талап етеді. Теміржолшының қауіпсіздігі үшін олардың жұмысын бақылау, тосын тексеру жұмыстары тұрақты жасалады, дегенмен жазатайым жағдайлардан ешкім кепілдендірілмегендіктен сақ болуды талап етеміз. Осы мақсатты бүгінгі онлайн жиында қайталап айттық. Жұмыс кезінде өндірістік жазатайым жағдаймен адам денсаулығына зақым келтірудің алдын алуды жетілдіру және зиянды өндірістік факторларды барынша азайту бәріміздің ортақ міндетіміз, – дейді депо бастығы Арғын Орымбаев.