Қызметкерлер ауысым алдында тепловизор арқылы температураларын өлшейді

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің қызметкерлері ауысым алдында тепловизор арқылы температураларын өлшеу мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұл процедура короновирус ауруының қаупін төмендету үшін жүргізілуде.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшылығы мен бөлімшенің кәсіподағы бетперделер, резеңке қолғаптар, антисептиктер, тепловизорлар және орын-жайларды дезинфекциялау үшін арнайы бүріккіштер сатып алуға қаржы бөлген. Бұл үздіксіз тасымалдау процесін қамтамасыз етіп жатқан қызметкерлерді қорғау үшін қосымша шаралар, қауіп-қатерді барынша төмендетуге бағытталған.

Ауысым алдында тасымалдау үдерісіне қатысатын машинистер және олардың көмекшілері, вагон қараушылар және басқа да мамандар медициналық тексеруден өтеді. Медициналық қызметкерлер олардың дене температурасын, қан қысымын өлшеп, пульсін, жалпы жағдайын бағалайды. Сонымен қатар мұнда алкоголь және есірткі элементтерінің бар-жоқтығына экспресс-тестілеу жүргізіледі.

Алматы бөлімшесінде медициналық байқау жүргізетін 61 пункт жұмыс істейтін болса, соның 9-ы тәулік бойы қызмет көрсетеді.