ҚТЖ әлеуметтік маңызды тауарлардың белгілі бір түрлерін экспортқа жөнелтуді тоқтатты

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлеуметтік маңызды тауарлардың белгілі бір түрлерін экспортқа жөнелтуді тоқтатты.

Үстіміздегі жылдың 23 наурызынан бастап "ҚТЖ" ҰК" АҚ Қазақстан аумағынан экспортқа әлеуметтік маңызды тауарлардың 12 түрін тиеуге уақытша тиым салды. Экспортқа шығаруға тиым салынған азық-түлік тізіміне мысалы: бидай ұны, қарабидай ұны, қарақұмық, қант, картоп, сәбіз, қызылша, пияз, шалғам, капуста, күнбағыс дәндері, күнбағыс майы кіреді.

Тиым ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ҚР-да төтенше жағдайдың жариялануы кезеңінде яғни 15 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының экономикасы мен халқының өмірін тұрақты қамтамасыз ету үшін шығарған бұйрығын орындау шеңберінде енгізіліп отыр.