Өндірістік көрсеткіштер жоспарға сай орындалуда

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Оңтүстікте күн жылынып, қозғалыс қарқын ала бастады. Шымкент жүк тасымалды бөлімшесінің техникалық бөлімінің басшысы Ильяс Нұржанов өндірістік көрсеткіштер жоспарға сай орындалып жатқанын жеткізді.

«Пойыздар қозғалысының варианттық кестеге сай жүруі жоспар бойынша 49 231 пойыз болса, нақтысы 34 191 пойызды құрады. Оның ішінде 24 564 пойыз кестеге сай жүріп, жұмыс нәтижесін 72 пайызға жетіп, меже толығымен орындалды. Дизельдік отын үлесінің шығыны 27,45 кг/өлшем бірлікті құрап, берілген жоспардан 170 тоннаға артық шығын орын алды. Сондықтан дизельдік отын шығынын болдырмау мақсатында шаралар қолға алынуда. Нәтижесінде өткен жылы шығын көлемі 440 тоннаға дейін азайды», – деді техникалық бөлімнің бастығы Ильяс Нұржанов.

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайына келсек, өткен жылы 18 қауіпсіздікті бұзушылық жағдайы орын алған. Екі оқиға, 16 инцидент жағдайы. Ал өндірістік жазатайым оқиғаларға жұмыс барысында жол берілмеген.