Аққыстаулықтар да шет қалмады

Елдегі төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары алынып, мерекелік көпшілік мәдени шараларды өткізу де тоқтатылды. Оның орнына табыссыз қалғандарға көмек көрсету – Еріктілер жылындағы ең өзекті мәселеге айналды.

Халық қалыптасып отырған жағдайға түсіністікпен қарап, әркім қолынан келгенше бір-біріне көмектесіп, қиындықты бірге еңсеруге атсалысуда. Сақтық шараларына сай наурыз мерекесі өткізілмесе де, Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Аққыстау станциясының қызметкерлері ортадан қаражат жинап, ауылдағы әлеуметтітк жағынан аз қамтылған және көп балалы бірнеше отбасына барып, бірінші кезекте қажетті азық-түлік түрлерін табыс етті. «ҚТЖ көлемінде жүріп жатқан 2020 қайырымды игі іс» бастамасына өз үлесімізді қосып, сын сағатта шет қалмай, қолдан келгенше ауылдастарға көмек қолын созуға келістік. Бастамаға барлық станциялықтар, ұжым түгел қолдау білдірді. Мұндай игі істерді әрі қарай да жалғастыратын боламыз» дейді станцияның қозғалыс ревизоры Ерлан Тарихов.