Шымкентте коронавирусқа қарсы жұмыстар күшейтілген

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Өткен тәуліктерде өкінішке қарай, Шымкент қаласында коронавирус індетін жұқтырған 2 азамат тіркелді. Қазіргі таңда індеттің одан әрі таралмауы мақсатында жұмыстар күшейтілген. Соның ішінде теміржол саласындағы іс-шаралар айтарлықтай ауқымды.

Біріншіден, теміржол вокзалы мен әуежай да санитарлық бақылауға алынып, қалаға кіретін азаматтардың денсаулығын тексеруден өткізіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кіреберіс жол қақпаларға 12 санитарлық бекеттер қойылды.

Екіншіден, вокзалдармен қаладағы базарларда, сауда орталықтарында, автобустарда, қоғамдық орындарда және басқа да адамдар көп шоғырланатын жерлерде дезинфекциялық жұмыстар күніне ең кемі екі реттен жүргізілуде.

Үшіншіден, барлық қоғамдық орындарға бетпердемен кіру міндеттелді. Бетпердемен қамтамасыз ету үшін жергілікті кәсіпкерлермен бірге күніне 100 мыңнан астам медициналық бетперделер тігіліп, қала аумағындағы дәріханалар мен базарларға жеткізілуде.

Сонымен қатар, антисептик өнімдерін шығаратын "Ордабасы" индустриалды аймағындағы кәсіпорын күніне 4 тонна залалсыздандыру өнімдерін шығаруда. Теміржолшылармен қатар барлық қала жұртын антисептик құралдарымен қамтамасыз етуге қауқары жетіп отыр.

15 наурыздан бастап Шымкент вокзалынан және автобекетінен жүретін халықаралық пойыздар мен автобустар, ал 22 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы бағыттарына да шектетілді.