Дара жол таланттары

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Жуырда Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінде наурыз мерекесіне орай аймақтағы таланттарды тауып, халыққа таныту мақсатында «Дара жол таланттары» атты конкурс болып өтті.

Байқаудың мақсаты – «ҚТЖ» АҚ» ҰК қызметкерлерінің, теміржолшылардың корпоративтік мәдениетін жоғарылату, ұжымдағы бірлікті арттырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Шымкент жүк тасымалы бөлімшесіне байқауға қатысуға ниет білдірген 15 теміржолшыдан өтініш келіп түскен болатын. Аталған іс-шара М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжінің мәдениет залында өткізілді.

Шымкент ЖТ бөлімшесінің жауапты қызметкерлерінің қазылық етуімен таланттарды іріктеуде табиғи жанр бойынша бірінші орынды Арыс локомотив пайдалану депосы тепловоз машинисінің көмекшісі Ғани Кемелбаев, екінші орынды Арыс локомотив пайдалану депосының инженер-метрологы Гүлнәр Өтеген алды.

Аспапты жанр номинациясын қайта қалпына келтіру пойызының жұмысшылары ерлі-зайыпты Ержан Шалбаев пен Нұрила Әскербекқызы алды. Екінші орынды коммерциялық бөлімнің бастығы Ерғали Қолдабаев иемденді. Вокалды жанр номинациясы бойынша бірінші орынды Қызылсай станциясының багаж бен жүктерді қабылдаушысы Айдос Сатыпалды мен екінші орынды Шымкент жол дистанциясының жол шебері Алтынбек Сәдібеков, үшінші орынды Қазығұрт станциясының аға тауар кассирі Әлішер Ерланұлы жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Мерейі үстем болған теміржолшылар жұмыста кәсіби маман ғана емес, өнерден де құралақан емес екендіктерін танытты.