Астанада профилактикалық шаралар күшейтілді

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

Астана ірілендірілген жол дистанциясында да басқа теміржолдың құрылымдық мекемелері сияқты коронавирус бойынша профилактикалық шаралар күшейтілді.

Дистанцияның еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі инженері Жанна Мәжитованың айтуынша, бүгінде мекемедегі әрбір жұмыс күні осы індет бойынша шағын қауіпсіздік жиыннан басталады. Жол шаруашылығы мекемесінің барлық телімдері, цехтары және колонналарында аталған дертке қатысты, одан сақтану шаралары жөнінде ақпараттық бюллетендер ілінді.

Жұмысшылар арасында жұқпалы індеттің таралуына жол бермеу үшін қажетті профилактикалық заттармен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, арнайы қолғаптар, беттұмшалар, антисептиктер, кір сабын, тағы да басқа зарарсыздандыру құралдары қойылған. Сонымен қатар дистанцияның инженерлік-техникалық қызметкерлері қашықтан жұмыс режиміне көшірілді.