Халықаралық пойыздар тоқтады

Косуим Мукашев

Косуим Мукашев

Атырау арқылы өтетін халықаралық бағыттағы жолаушы пойыздарының қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы теміржол көлігін бақылау бөлімінің басшысы Сырымбет Қостаев мәлім етті.

«Төтенше жағдайға байланысты және коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Атырау арқылы өтетін халықаралық «Мәскеу-Ташкент, «Мәскеу-Душанбе», «Куляб-Мәскеу», «Саратов-Ташкент» бағытында қатынайтын пойыздар қозғалысына шектеу қойылды. Ал, «Атырау-Астрахань» аралығындағы пойыз жұп күндері ғана жүреді.

Әзірге оның жүрісін шектеуге қатысты нұсқау берілген жоқ», деп мәлімет берген құзырлы мекеме өкілі бұл мәселеге байланысты ақпараттар мен өзгерістерді қосымша хабарлайтындарын жеткізді.