Жылдың үздік әйел қызметкерің анықтады

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ алғаш рет орталық аппаратта жұмыс істейтін нәзік жандар арасында «Жылдың үздік әйел қызметкері» байқауын жариялаған болатын.

Байқаудың мақсаты үздік қызметкерлерді анықтау және марапаттау, сондай-ақ, корпоративтік рухты көтеру болатын. 6 наурыз күні байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде Қоғам басшылығы құттықтай отырып, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

«Жылдың үздік әйел қызметкері» байқауының жеңімпаздары болып кәсіби қызметінде мол табысқа кенелумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, үйін жылу мен шуаққа бөлеген отанасы, балаларының ардақты анасы, ерінің асыл жары бола білген сегіз қырлы, бір сырлы нәзік жандар танылды. Олар: Контейнерлік жұмыстар департаментінің менеджері Нұргүл Әлімжанова, Маркетинг және сервистерді дамыту департаментінің менеджері Лиляш Юсупова, Вагон шаруашылығы департаментінің менеджері Жанар Божеева, Инвестициялық саясат және қаржылар депаратаментінің бас менеджері Ләйлім Құрманова, Бухгалтерлік есеп департаментінің менеджері Ғалия Ермағанбетова, Мүліктік құқықтарды қорғау департаментінің менеджері Әсел Хайдарова, PR және сыртқы байланыстар департаментінің бас менеджері Любовь Подоляк, Тасымалдау үдерісінің технологиялық жүйелер департаментінің менеджері Шолпан Крекешева, Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Дария Төлеуова, Арнайы басқарма менеджері Ботагөз Сүлейменова, Канцелярия қызметінің менеджері Ақмоншақ Ердешбаева, Сатып алуларды қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері Гүлшат Әбдіқұлова, Халықаралық өзараесеп айырысулар және жүк тасымалдарына есеп айырысу департаментінің бас менеджері Динара Шаймерденова сынды арулар. Салтанатты жиын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ ер-азаматтарының мерекелік концертіне ұласып, қыз-келіншектерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.