Азық-түлікке купон берді

Косуим Мукашев

Косуим Мукашев

Көктемнің алғашқы мерекесі көпшіліктің көңілін көтеріп тастайтыны рас. Өйткені, аяулы анасына, ардақты апасы мен қарындасына сыйлық жасап, оларға ерекше құрмет пен сый көрсетуге талпынбайтын жан жоқ шығар.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі басшылығы мен кәсіподақ комитеті бөлімшеде жұмыс жасап жатқан барлық әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, жұмыс орындарына барып гүл шоқтарын сыйлады. Сонымен қатар супермаркеттен азық-түлік алуға 3600 теңгелік купон-сертификат табыстады. Бұл – тек кеңседе отыратындар үшін ғана емес, станциялардағы, бөлімшеге қарасты құрылымдық мекемелердегі барлық әйел-қызметкерлерге, яғни 600-ге тарта адамға жасалған сый.

Кәсіподақ атынан берілген осындай шағын да болса қажетті сый-сияпатқа қыз-келіншектер ризашылық білдірді.

«Аз да болса көптей көріңіздер, дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болсын» деді қызметкерлерді құттықтаған кәсіподақ ұйымының төрағасы Орынбасар Райсов.