Короновирус індеті ҚТЖ-ға қалай әсер етті?

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

Әлемді дүрліктіріп отырған короновирус індеті Ұлттық компания қызметіне қалай әсер етті, қандай да бір шығынға ұшыратып отыр ма?

Компания басшысы Сауат Мыңбаев коронавирусқа байланысты Қытаймен екі ортада жолаушылар қатынасы тоқтағанын, ал жүк тасымалы жүріп жатқанын, сондықтан шекаралық бекеттерде екі арадағы жүк құрамдарын алмасу кезінде теміржолшылар мен локомотив бригадаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық шаралары қабылданып, санитарлықэпидемологиялық қызмет жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

«Дегенмен, жүк айналымы төмендеп кетті. Мәселен, өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда Қытайдан келетін транзиттік контейнер көлемі 39% төмендеді. Өкінішке орай, бұл үлкен сома және ол ҚТЖ-ның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізбей қоймайтыны анық. Алайда, біз алдағы уақытта бұл індеттің таралуы сейілгенде, контейнер транзитін қуып жетіп, өсіруге барлық шараны қолданатын боламыз», – деді ҚТЖ басшысы.