Сауат Мыңбаев: Еңбекақы төмен екенін жасырмаймын...

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

Ұлттық компанияның өткен жылдағы қызметінен хабардар еткен Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев әдеттегідей журналистердің сұрақтарына да жауап берді.

Теміржол саласы қызметкерлерінің еңбекақысы соңғы рет қашан өсті және өсіру жоспарда бар ма? деген сұраққа Компания басшысы: «Еңбекақы мәселесі негізінен компанияның қаржы жағдайына байланысты. Компанияның қаржы жағдайы туралы жоғарыда айтып өттім. Қазіргі күрделі жағдайға қарамастан, биылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 5% көтердік. Оның үстіне, жалақының көлемі – тарифтік сметаға кіретін нәрсе. Ал бұл смета Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бақылауында. Сондықтан жалақыны өсіру де агенттіктің шешіміне байланысты болмақ. Бүгінгі жалақының көлемі жаңағы тарифтік сметаға кіріп отырған жалақыдан да көбіректеу. Бірақ, мұның өзі аз және теміржолшылардың еңбекақысы төмен екенін жасырмаймын», – деп жауап берді.