Теміржол вокзалдарында коронавирусқа қарсы шаралар жүріп жатыр

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

«ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан еліміздің теміржол вокзалдарында коронавирус таралуының алдын алу және қауіпсіздік шараларын қабылдау жүріп жатыр.

Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей және Достық станцияларында орналасқан вокзалдарға ерекше назар аударуда. Соның ішінде кассирлер, кезекшілер және өзге де вокзал қызметкерлері маскалармен, қорғаныш қолғаптармен және антисептиктермен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ жұқпалы аурулар белгілері бар тұлғаларды анықтаған жағдайда қауіпсіздік шаралары мен іс-әрекеттері бойынша қызметкерлерге нұсқаулықтар өткізілген. Вокзалдар ғимараттарын толық залалсыздандыру тұрақты жүргізілуде, қажетті арнайы жуып-шаю құрамы қорымен қамтамасыз етілген.

Бұдан басқа көрнекі жерлерге коронавирус жұқпалы ауруы белгілері туралы жадынама орналастырылып, желдету жүйелеріне тексерістер, аурудың алдын алу шаралары туралы жолаушыларға аудиоақпараттандыру жүргізілуде. Күту залындағы мониторлардан вирустың негізгі белгілері анықталған жағдайда не істеу керектігі туралы бейнероликтер көрсетіліп жатыр. Ғимараттарда залалсыздандыру, ауаны тазарту және өзге де вирустық аурудың алдын алу шаралары өткізілуде. Вокзалдарда тәулік бойғы режимде медициналық пункттер жұмыс істеп тұр. Аурудың таралуына жол бермеу мақсатында вокзал қызметкерлері тыныс алу органдарын қорғау құралдарын, бетперделер пайдалануда екен.