2020 жылда Алматыда малға қарсы қоршау салынбақ

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

Өткен жылы Алматы жүк тасымалы бөлімше аумағында 532 оқыс тежеу берілген, олардың санын азайту үшін «Жолды мал шығып кетпеу үшін қоршау бойынша жол картасы» жасалып, соның аясында биыл жалпы ұзындығы 428,9 км малға қарсы қоршау салынбақ. Бөлімше көлемінде дизельдік отынды тұтыну шығыны артқан.

Былтыр ол 75 294 тоннаны құрапты, ал бекітілген жоспар одан 80,57 тоннаға кем болатын. Бірақ, оның себебі де бар екен, өткен жылы қыркүйек айынан бастап Көксу-Текелі, Текелі-Талдықорған телімінде пойыздық және маневрлік жұмыстар жүргізіліп, бұл отын шығынының артық шығып кетуіне әкелген.

– Қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған 15 жағдай тіркеліп, бұл бағытта жағдайды жақсарту үшін биыл бірқатар шаралар қолға алынып, станция қызметкерлерінің пойыздарды қабылдау және жөнелту, маневрлік жұмыстар кезіндегі өз лауазымдық міндеттерін дұрыс орындауын бақылауды күшейту, аяқасты тексерулерді көбейту артпақ. Өндірістік жарақат алу бойынша 2 оқиға тіркелді. Жарақат алуға жол бермеу үшін былтыр филиалда 1375 қауіпсіздіктің іс-қимыл диалогы жүргізіліп, соның барысында 534 қауіпті жағдай мен іс-әрекет анықталды, – дейді бөлімше басшысы. 

Бүгінгі таңда 5387 адам еңбек ететін бөлімшенің биылғы жылы алға қойған мақсаттары мен жоспарлары көп. Олардың қатарында Достық, Алтынкөл станциялары арқылы Қытаймен арадағы жүк айналымын 15 млн тоннаға дейін арттыру, Ақтоғай-Достық, Ақтоғай-Саяқ телімдеріндегі жылдамдықты жолаушылар пойыздары үшін сағатына 100-120 км, контейнерлік пойыздар үшін 90 км, жүк пойыздары үшін – 80 км дейін өсіру жоспары, сондайақ, Көктума-16 бекет перегонында желден қорғау имараттарын, 19 бекетте 3 қабылдау-жөнелту жолын, Достық-19 бекет перегонында екінші жол салу қарастырылған.