Келеңсіздіктің алдын алуда

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Теміржол торабында тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алу – күн тәртібінен түспейтін тақырып.

Жуырда Шымкент станциясында көлік прокуратурасы мен теміржол мекемелерінің қызметкерлері қатысқан дөңгелек үстелде осы мәселеге орай темір жолда жазатайым жағдайларды болдырмау және жолаушылар пойыздарының мал-жанды басып кетпеуі үшін шұғыл тежегішті қолдану салдарынан болатын фактілерді талдау фактілері талқыланды.

Теміржолшылар өз кезегінде халыққа түсіндіру жұмыстарын тоқтаусыз жүргізіп жатыр. Бірақ жергілікті тұрғындар сол ескертулерге құлақ аса бермейтіні өкінішті. Сол себепті, кей тұрғындар аяқ тартуы үшін үгіт-насихат жұмыстарына желілік тәртіп сақшылары да жиі шығып, екі жақ бірлесе жұмыс атқаруда.

«Біздің тарапымыздан құқықбұзушылықтың алдын алу, ескерту, жолын кесу және қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, темір жол вокзалдары мен жолаушылар пойыздарында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету бойынша түрлі жұмыстар жүргізілуде. Соның нәтижесінде темір жол вокзалдары мен мемлекетаралық бағыттағы жолаушылар пойыздарында ұрлық-қарлық, әйнек сындыру сынды оқиғалар азайып отыр», – деп мәлімдеді желілік полиция тобының аға инспекторы Шарипа Сыздықова.