Инфрақұрылымды сауықтыру жоспарға сай

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

Компанияның инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директоры «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Магистральдық желі дирекциясының директоры Бауыржан Орынбасаров өндірістік бағдарлама шеңберінде былтыр атқарылған жұмыстар легіне тоқталды.

Оның айтуынша, былтыр 952 км жолдың үстіңгі құрылымы сауықтырылып, соның ішінде, 403 км жол күрделі жөндеуден өткен. 249 км транзиттік бағдарлар жолы күрделі жөндеу көрген. Сонымен қатар 9 000 км жолға ауыр типті жол машиналары кешенімен жұмыстар жүргізілген.

Бұл жұмыстар инфрақұрылымды сауықтыру жоспарына сай, нәтижесінде жолаушылар пойыздарының қозғалыс жылдамдығын 1105 км арттыруға, соның ішінде «Тұлпар-Тальго» пойыздарының жылдамдығын 596 шақырымда, ал контейнерлік пойыздар жылдамдығын 1873 км арттыруға мүмкіндік берген. Және жол жағдайына байланысты жылдамдықты шектеуге қатысты 1955 ұзақ уақыт қолданыстағы ескертуді алып тастауға ықпал еткен.

Контейнерлік пойыздардың жылдамдығын тәулігіне 1150 шақырымға дейін жеткізу туралы тапсырмаға орай, Магистральдық желі дирекциясында ағымдағы жылы ауқымды жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Оның бірі – Достық-Қарталы, Достық-Илецк, Алтынкөл-Илецк бағыттарында 338 км жолға күрделі жөндеу жүргізіп, бір аралықта орнатылған жылдамдықтардың ауытқуын азайту, – деді Бауыржан Пазылбекұлы.

Дирекция басшысы «Цифрлы трансформация» бағдарламасымен қарастырылған «Қозғалысты басқару орталығы» аясында 2019 жылы Орал жол бөлімшесі телімдері мен Илецк теміржол торабына микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандыру енгізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар барлық белгі берубайланыс дистанцияларына енгізілген жылжымалы құрамды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі КТСМ бақылау пункттерінен келіп түскен ақпараттарды автоматтандырылған жұмыс орталықтарындағы мониторға жинау, өңдеу, шығару, жылжымалы құрам жағдайына орталықтан бақылау жүргізу мүмкіндігін береді.

Бұл жүйелер еңбек өнімділігін арттырады және 2025 жылға қарай қозғалысшылар мен вагон қараушылардың штатын 340 адамға оңтайландыруға ықпал етпек. «Цифрлы трансформация» командасымен бірлесе іске асырылып жатқан келесі бір жоба – «Жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің автоматтандырылған басқару жүйесі («ТҚжәнеЖ» АБЖ). Өткен жылы «ТҚжәнеЖ» АБЖ Павлодар магистральдық желі бөлімшесі шекарасына тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Осы жүйеге МТЖ объектілеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге шамамен 52 мың тапсырыс енгізіліп және орындалған. 2020 жылы «ТОиР» АБЖ-сінің екінші және үшінші кезеңдерін барлық магистральдық желі бөлімшелерінде көбейтіп енгізу жоспарлануда екен.

Вокзал шаруашылығының жұмысына да тоқтала кеткен Бауыржан Орынбасаров, Қарағанды теміржол вокзалын қайта құру аяқталғанын, ал биыл Жалаңашкөл станциясының жолаушылар платформасында қалқа салу және тағы төрт жолаушылар платформаларын жөндеу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Ал ағымдағы жылы Дирекция алдына қойып отырған жоспар-міндеттер қатарында «Нөлдік жарақаттану» стратегиясы шеңберінде өндірістік қауіпсіздікті басқарудың корпоративтік жүйесін жетілдіру бойынша Жол картасын іске асыру; жолдың жоғарғы құрылысының материалдарын қайта қолдануға мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы ресурс үнемдеуші технологияларды енгізуді жалғастыру; жолды сауықтыру бойынша өндірістік бағдарламаны орындау, соның ішінде жол машиналары кешенін қолдану, жасанды құрылыстарға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу; Батыс аймағы бойынша пойыздар қозғалысын басқару орталығының пилоттық жобасын құру; «Цифрлы трансформация» бағдарламасының жобаларын одан әрі іске асыру міндеттері бар.