Инвестбюджет екі есе артқан

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Өткен жылы жол шаруашылығы бойынша 11,4 км телімде 252,6 млн теңгеге күшейтілген орташа жөндеуден өткізілді. Барлығы 24,9 км жолдың рельсі ауыстырылған.

Сигнализация және байланыс шаруашылығы бойынша 156,5 млн теңгеге 34 дана электр жетегі сатып алынған. Электрмен жабдықтау шаруашылығы бойынша Түлкібас станциясында 285,3 млн теңгеге ауыспалы 220 кВ қорғанысы жаңартылды. Жалпы, Шымкент магистральдық желі бөлімшесі бойынша негізгі қызметтің шығыстар бюджетінің орындалуы жоспар бойынша 9 млрд 764,8 млн теңге, нақты сомасы 9 млрд 643,9 млн теңгеге салықсыз шығыстар игерілді.

Оның ішінде НЖС-9 негізгі құралдарын күрделі жөндеу жұмыстары жоспар бойынша 280,4 млн теңге қарастырылған. Нақтысы 409,9 млн теңгеге немесе 146,2% орындалды. ПЧ бойынша жоспар 252,7 млн теңге, нақтысы 382,2 млн теңгеге орындалды.

«Жолды нақты орташа жөндеу шаруашылық тәсілімен – 15,9 км, 126, 1 млн теңгеге, түйіспейтін жолдың рельс бунақтарын ауыстыру – 20,3 км, 252,7 млн теңге, нақтысы 25,7 км, 245,4 млн теңгеге орындалды. Оған қажетті рельс бунақтарын Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнынан алдық. Жол құрылымы материалдары құнының төмендеуінен 7,3 млн теңге игерілмеді. Дегенмен, жоспардан тыс 9,9 млн теңгеге ескі жарамды 1,8 км рельстерді ауыстырдық. Бұдан бөлек, 0,8 млн теңгеге 1 жиынтық ескі жарамды бағыттамалы бұрмалар ауыстырылды. ЭЧ-24 Шымкент бойынша 27,7 млн теңгеге жоспарланған АДМ-1633 дрезинасы мердігерлік тәсілмен күрделі жөндеуден өткізілді», – деген мәлімет берді Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің директоры Марат Оңалов.

Айта кетейік, бөлімше бойынша есепті жылдың 12 айында инвестициялық бюджеттің орындалуы жоспар бойынша 774 млн теңге, орындалуы 2 млрд 308,6 млн теңгені құрады. Бұл 1 млрд 534 млн теңгеге артық деген сөз.