Жолшы мұраты

Асхат Райқұл

Асхат Райқұл

Жамбыл жол дистанциясы бастығының орынбасары Марат Егембердиевтің теміржол саласында үзіліссіз еңбек етіп келе жатқанына 35 жылдан асып барады. Еңбегі ерен жолшының өмір жолы әріптестеріне үлгіөнеге деуге әбден лайық.

Бозбала шағы сексенінші жылдарға дөп түскен Марат Саттарұлы әу бастанақ теміржолшы болуды мақсат тұтқан. Сол мақсат-мұраттың жетегімен Алматы теміржол институтына құжат тапсырған ол 1984 жылы оқу орнын жол шаруашылығы мамандығы бойынша бітіріп шығады. Арнайы жолдамамен туған жері Жамбыл өңіріне келіп, Жамбыл жол дистанциясына жұмысқа орналасады.

– Осындағы Ақшолақ станциясына жол бригадирі болып жұмысқа тұрдым. Сол күннен бастап жол шаруашылығының барлық ыстықсуығын көріп келемін. Түрлі қызмет сатыларында пісіп-жетілдім. Аға буыннан көп тәрбие алдым. Білмегенімді сұраудан, білуден еш жалыққан жоқпын. Отыз бес жылдық еңбек жолымда мамандығымның көптеген қиындықтарымен бетпе-бет келіп, қызықтарына да куә болдым. Менің ойымша, теміржол саласында жолшы еңбегіне жететін адал еңбек жоқтың қасы. Әрине, теміржолдағы ең басты қызмет саналатын қозғалысшылардың да, машинистердің де еңбегіне сөз жоқ, бірақ ең ауыр да жауапты жұмыс жолшылардікі емес пе? Теміртабан жолдардың күтімін жасап, қос рельстің бойында жүретін жолшылардың жыл он екі ай тынымсыз еңбегіне жететін ештеңе жоқ. Өзімнің басқа емес, осы жол мамандығын таңдағаныма өкінбеймін», – деген теміржолшы Жамбыл-Луговой, Жамбыл-Жаңатас бағыттарында аға шебер болған жылдарын сағынышпен еске алды.

2002 жылдан Жамбыл жол дистан- циясы бастығының орынбасары қыз-метін атқарып келе жатқан Марат Егембердиев жуырда ердің жасы алпысқа толғалы отыр. Осы жылдар ішінде тәжірибелі, білімді әрі білікті маман ретінде бағасын алған оны әріптестері жоғары бағалайды. Саланың қауіпсіздігін сақтауда, жолдың сапалы жөнделуін қадағалауда еткен еңбек, төккен тер бекерге кетпеген. Мараттың да әу бас-тан көздеген мұраты осы болатын. Өз саласының мықты маманы болып, алып саланың дамуына титтей болса да үлесін қосу. Сондықтан бүгін Жамбыл жол дистанциясының ұжымы оны мерейлі жасымен құттықтап, ізгі тілектерін жолдауымызды өтінді.

«Марат Саттарұлы қызмет бабында қатал, емендей берік, қайсар жан, сауаттылығымен өзін мойындатқан. Отбасының бақыты мен шаттығы ортаймасын, дені сау болып теміржол саласына қызметі жемісті болып жалғаса берсін» дейді әріптестері.