Шымкентте қаражат орнымен жұмсалған

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің өткен жылға жоспарланған еңбек қорғау жөніндегі іс-шараларға бөлінген қаражат көлемі толығымен, тіпті артығымен игерілді десек болады.

Жоспар бойынша 43 млн 563 мың теңге болса, нақты жұмсалғаны 44 млн 485 мың теңге немесе 102% құрады. ЭЧ-24 бойынша жоспар 7239 мың теңге болса, игерілгені 8175 мың теңгені құраған. Жалпы, НЖС-9 меншігінде 26 жұмыс орны бар.

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер 100 пайыз сүтпен қамтамасыз етіліп, 5691 литр сүт өнімдері таратылған. Сонымен қатар, ШЧ мекемесі бойынша киім ілетін шкафтар, тамақтану бөлмесі, душ, қолжуғыштар, демалыс бөлмелері жабдықталған. ЭЧ мекемесі бойынша да киім ілетін шкафтар, тамақтану бөлмесі, душ, қолжуғыш, демалыс бөлмелері жоспарға сай жабдықталған. Сондай-ақ, меншіктегі шаруашылық бойынша киім ілетін 75 шкаф, 8 тамақтану бөлмесі, 8 душ, 6 демалыс бөлмесі бар екен.

Бұдан бөлек, жұмыскерлерді жүз пайыз жазғы және қысқы арнайы киіммен, аяқ киіммен уақытылы әрі сапалы қамтамасыз еткен. Атап айтқанда, қыста киетін жылы костюм – 390 дана, құлақшын – 342 дана, қысқы етік – 560 дана, пима – 23 дана, бөрік – 100 дана, жылы ерлер бәтеңкесі – 18 дана, жылы әйелдер бәтеңкесі – 4 дана.

Жазғы арнайы киімдер: ерлер костюмы – 1413 дана, ерлер плащы – 620 дана, сигнал кеудешесі – 2750 дана, ерлер былғары бәтеңкесі – 1126 дана, жазғы бас киім – 500 дана, әйелдер халаты – 63 дана. Қолғап – 16934 дана, қорғаныш көзілдірігі – 495 дана, брезент алжапқыш – 10 дана, диэлектрикалық кілем – 67 дана, дәнекерлеуші маска – 10 дана, қорғаныш каскасы – 287 дана сатып алынып, таратылған.