Құрылыс бригадасының күшімен

Жансая Сыдыкбаева

Жансая Сыдыкбаева

2019 жылдың 12 айында өндірістік құрылыс бригадасының күшімен 28 нысанда және жоспардан тыс 5 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар – санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен қызметтік-техникалық ғимараттар.

Соның ішінде 4 нысан – Арыс станциясындағы жарылыстың салдарын жою, 1 нысан Түркістан станциясында вокзал перронындағы қырлы кеспе тастарды ауыстыруға байланысты болды.

Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу жұмыстары өткен жылы ПЧ-53 дистанциясына қарасты Бадам станциясындағы РЭБ ғимараты, Манкент станциясындағы гараж, ал Қазығұрт, Састөбе станцияларында табельдік ғимараттар қалпына келтірілді. ПЧ-54 дистанциясында 5 нысан жөнделді.

Ақтас моншасы, Түркістан, Дарбаза станциясындағы табельдік ғимараттар, ПЧ әкімшілік ғимараты, механикалық шеберханалар жөндеу көрген. ЭЧ-24 мекемесінде 6 нысанға жөндеу жүргізілді. Атап айтсақ, Бадам, Монтайтас, Жылға, Арыс, Бадам, Арыс-2 станциялары бойынша 2 РКС ғимараттары. ШЧ-37 – 1 нысан, ол Игілік станциясындағы ЭЦ бекеті, ШЧ-38-де 5 нысан: Арыс-1 станциясы бойынша ЭЦ бекеттері, Монтайтас, Шеңгелді, Рзд-37, Арыс-1 МРЦ-2 жөндеу жасалды.

Бұдан бөлек, вокзал шаруашылығына қарасты Бадам вокзалы, Бадам станциясы, Түлкібас, Түркістан станцияларында 4 пандус орнатылды. НЖС-9 меншікті шаруашылығында 3 нысан: Шамшырақ ғимараты мен Шымкент станциясы бойынша кітапхана және Түркістан станциясы бойынша қалалық басқару пункті жөндеуден өтті.

Қорыта айтқанда, жөндеу жұмыстары 33 қызметтіктехникалық ғимаратта жүргізіліп, жоспар 107 пайызға орындалды. Осы жұмыстардың бәрін құрылыс бригадасы бітірді.