Мақсат – жасөспірімдер тәрбиесін нығайту

Асхат Райқұл

Асхат Райқұл

Жасөспірімдер арасында кездесетін қылмыстық оқиғаларды азайту мақсатында Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі «Жасөспірім» кешенді жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Жамбыл көлік прокуратурасы мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, теміржол, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылған іс-шара кәмелетке толмағандардың қылмысын болдырмауды мақсат етеді.

Осы мақсатта мектептерді аралап, түсінік жұмыстарын жүргізді.

«Біз акция барысында кәмелетке толмағандардың алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды тұтынуы, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жалғыз-жарым үйден тыс және ойын-сауық орындарында болуы заңсыздық болып табылатынын түсіндірдік.

Мектеп жасындағыларға алкогольдік ішімдік, темекі өнімдерін сату фактілерінің жолын кестік және олардан заңсыз сақталатын заттар тәркіленді. Сондай-ақ теміржолдағы қауіпсіздік, жолдан өту ережелерімен де таныстырдық», – дейді Желілік полиция бөлімі инспекторы, полиция капитаны Л.Көпбаева.