Өз мүддемізді қорғаймыз

Сулугуль Бакесова

Сулугуль Бакесова

28 қаңтар күні «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәуірбаевтың қатысуымен өткен брифингте бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтары жаңа жылдың 5 қаңтарынан бастап ҚР меншік иелерінің паркінен басқа, өзге теміржол әкімшіліктерінің бос жалға алынған және меншікті вагондарын қабылдауға конвенциялық тыйым салу мәселесіне қатысты болды. 

Оған жауап берген Қ.Сәуірбаев, Қазақстан темір жолдары желісінің станциялық жолдарында жүк тиеуге сұраныс жоқ болғандықтан 5200 вагон жұмыссыз бос орын алып тұрғанын, ал конвенциялық тыйым салу енгізілген сәттен бастап, станция жолдарында сұранысқа ие емес жылжымалы құрам паркінің саны боран мен бұрқасынға ұласқан ауа-райының қолайсыз кездерінде азая түскенін мәлімдеді. 

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта жабық вагондарға, платформаларға және астық тасушыларға арналған конвенцияның қолданылу кезеңінде жүк жөнелтушілердің және вагон иелерінің өтініші бойынша жүк тиеуге келісілген жоспарлар болған кезде белгіленген тәртіппен вагондарды қабылдауға рұқсат етілгенін, алайда, қабылданған вагондар жүк тиеу станциясында 5 тәуліктен астам уақыт тұрып қалған жағдайда, осы жүк жөнелтушілерге бос вагондарды одан әрі жіберуге тыйым салу шаралары енгізілетін атап өтті.

Қалай болғанда да біз ең алдымен өз мүддемізді қорғайтын боламыз дегенді жеткізді спикер.