Конвенциялық тыйым ұзартыла ма?

Райхан Рахметова

Райхан Рахметова

Ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейін басқа темір жол әкімшіліктерінің жалға алынған және ашық бос вагондарын қабылдауға бір ай мерзімге конвенциялық тыйым салынған болатын. Тыйым салуды ұзарту туралы мәселе келесі айдың ортасында қаралатын болды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мамандары тасымалға өтінімдер өскен жағдайда және пайдалану жағдайы жақсарған жағдайда конвенция алынып тасталатынын айтады.

Қазіргі уақытта жабық вагондарға, платформаларға және астық тасушыларға арналған конвенцияның қолданылу кезеңінде жүк жөнелтушілердің және вагон иелерінің өтініші бойынша жүк тиеуге келісілген жоспарлар болған кезде белгіленген тәртіппен вагондарды қабылдауға рұқсат етілген.

Алайда, қабылданған вагондар жүк тиеу станциясында 5 тәуліктен астам уақыт тұрып қалған жағдайда, осы жүк жөнелтушілерге бос вагондарды одан әрі жіберуге тыйым салу шаралары енгізілетін болады.

Еске сала кетсек, осы жылдың 5 қаңтарынан бастап Достастыққа қатысушы-мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі кеңесі (ЦСЖТ) «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚның өтініші бойынша ҚР меншік иелерінің паркінен басқа, өзге теміржол әкімшіліктерінің бос жалға алынған және меншікті вагондарын қабылдауға конвенциялық тыйым салуды жариялаған болатын.

Мұндай шешімге елде қалыптасқан пайдалану жағдайы ықпал еткен-ді. Қазақстан темір жолдары желісінің станциялық жолдарында жүк тиеуге сұраныс жоқ болғандықтан 5200 вагон жұмыссыз бос орын алып тұрған болатын. Конвенциялық тыйымды енгізу өз нәтижесін берді.

Станция жолдарында сұранысқа ие емес жылжымалы құрам паркінің саны боран мен бұрқасынға ұласқан ауа-райының қолайсыз кездерінде азайған. Десе де, конвенциялық тыйым салуды ұзарту шешіміне ел теміржолы мүдделі екендігі байқалады.