Жаңаның аты - жаңа

Өткен жылы Арыстағы белгі беру және байланыс дистанциясының техникалары жаңартылған. Шағыр және Шеңгелді станцияларында 6 данадан ФУ-1 құралы жаңа ФУ2-2 типіне, барлығын қосқанда 12 дана ауыстырылыпты.

Ал Талдықұдық станциясында ескі ТШ-65 құралы жаңа типтегі ТШ-65 БК 17 данасы мен Монтайтас станциясында 3 данасы, барлығын қосқанда 20 дана ауыстырылған. Жалпы, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде СОБ, байланыс, АЛСН, РЦ, КТСМ, КГУ, т.б. техникалық құралдарының атқаратын рөлі зор. Бұл техникаларды енгізусіз байланыс пен қозғалыс жүзеге аспайды.

Сондықтан, тозған техникаларды тексеріп, дер кезінде ауыстырып отыру – кезек күттірмес мәселе. Осыған байланысты былтырғы жылы мерзімі бітіп, тозығы жеткен 180 дана аккумулятор ауыстырылды. 200 дана дроссель және тұйық жалғастырғыштар жаңартылды. СПГ-3М үлгісіндегі дөңеске арналған 2 дана электржетек, 97 дана дроссель жетек, тежегіш балкаға тежегіш шинаны бекітетін болттар ескіргендіктен 300 дана болт ауыстырылды. – Байланыс алмасатын УПВ құрылғысының 30 шақтысын жаңарттық. 80 дана ГР-15ВП типіндегі дыбыс ұлғайтқыш, БП-2МЭ болометрлерін жаңадан алынған 15 дана КТСМ құрал-жабдығына алмастырдық. Сонымен қатар, УКСПС датчигін жаңадан алынған 26 дана КТСМ құрал-жабдығына ауыстырдық. Жаңаның аты жаңа екен, үздіксіз жұмыс істеп тұр», – дейді Арыс белгі беру және байланыс дистанциясы техникалық бөлімінің инженері Дәулет Тұрысбеков.