Қосымша вагондар қосылды

Ардақ Ерубаева

Ардақ Ерубаева

Шалқарлықтар үшін жаңа жыл жағымды жаңалықтармен басталды. Облыс орталығына баратын пойыздарға аптаның бес күніне де қосымша вагондар қосылды.

Облыстағы халық саны көп үш ауданның бірінен саналатын өңірде пойыз қатынасы жеңілдеді.

Осыған дейін шалқарлықтар пойызжол қызметін пайдаланудағы қолжетімсіздік жайлы облыс әкімдігіне әлденеше рет хат жазып, мәселе көтерген болатын. Міне, жыл басынан бері жолаушылар тасымалында қиындық жоқ. Әлеуметтік бағытқа, плацкарт пен купеге де қосымша вагондар қосылды.

Бүгінде «Алматы-Ақтөбе» және «Шалқар-Ақтөбе» бағытындағы пойыздарға жолаушылар сұраныстарына орай күніне бір-екі вагоннан қосылып отыр. «Жолаушылар тасымалы» АҚ енгізген билет сату бағдарламасы да жолаушыларға көп жеңілдік беріп отыр.